Павлодарда жылу желілерінде 150-ден астам ақау анықталды

Павлодарда жылу желілерінде 150-ден астам ақау анықталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оңтүстік желілік аудан аумағында тұрғын үйлерді ыстық сумен қамтамасыз ету кестесі жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Павлодарэнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінде 152 көпқабатты тұрғын үйге ыстық су берілді. 26 мамырға дейін қалған 604 үй ыстық сумен қамтылады.

– Оңтүстік желілік ауданда жасалған гидравликалық сынақтардың қорытындысы бойынша жылу желілерінде барлығы 152 зақымданған орын анықталды. Бұл – 29 Ноябрь – Естай – Абай – Кривенко –Малайсары батыр – Қамзин көшелерінің аумағындағы, екінші Павлодар, Восточный шағын ауданы, Зеленстрой, сондай-ақ, Дачный, Усолка, Достық, Сарыарқа аудандарына қарасты 756 үй,– деді кәсіпорында.

29 сәуірден 5 мамырға дейін солтүстік желілік аудан бойынша гидравликалық сынақтар жүргізілуде. Атап айтқанда, Қамзин – Малайсары батыр – Естай – Қ.Нұркин – Ак.Марғұлан – Астана – Набережная – Олжабай батыр – Торайғыров – С.Нұрмағамбетов көшелерінің, Химқалашық, Лесозавод шағын аудандары мен Солтүстік өнеркәсіптік аймақтың аумағында орналасқан 543 көп қабатты тұрғын үй.

Солтүстік желілік аудан аумағындағы тұрғын үйлерді ыстық сумен қамтамасыз ету кестесі 10 мамырда жарияланады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от AO "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" (@aopavlodarenergo)