28 ақпанда Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады

28 ақпанда Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауады
Фото: Константин Шелков

Ауа температурасы түнде 7-9 градус аяз,  күндіз 1-3 градус жылы болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, көшпелі бұлт шығады. Күндіз қар мен жаңбыр аралас жауын-шашын жауады, көктайғақ күтіледі. 

Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші секундына 9-14, күндіз 15-20, екпіні 25 метрге дейін жетеді. 

1 наурызда метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың сейілуіне ықпал етеді.  Жалпы қала бойынша ауаның ластану деңгейі төмен болады деп күтілуде.