30 жылдық еңбек: Павлодарлық отбасы шеберханадан фабрикаға дейінгі жолды бағындырды

Бүгінгі күні фабрикада 12 адам қызмет атқарады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Фабрика ресми түрде бір жылдан бері жұмыс істесе де, тігін ісіне отбасы 30 жылдан аса уақытын арнаған. Бастапқыда бұл кәсіп шағын шеберхана түрінде дамып, уақыт өте келе тәжірибе мен сұраныс артқан соң толыққанды тігін фабрикасына айналды. Бүгінде 12 адам еңбектенетін кәсіпорын Қазақстанның түкпір -түкпіріндегі тапсырыстарды орындап, арнайы киім, футболка, худи, трикотаж, жаңбырдан қорғайтын киімдер сынды өнімдер шығарады.
Негізгі тапсырыс берушілер қатарында ірі ұйымдар, атап айтқанда, «КазАвтоЖол», ҚТЖ және өзге де ірі ұйымдар бар.
– Біз тек клиенттің талабымен шектелмейміз – өзіміз де жаңа үлгілер ойлап табамыз. Мысалы, жаңбырдан қорғайтын күртешенің бір моделін Германиядан алып, оны өзіміз жетілдіріп, қолдандық. Бұл – тек бастамасы ғана, – дейді фабриканың негізін қалаушы Евгений Рей.
Алдағы мақсат – өндірісті кеңейтіп, қызмет аясын ұлғайту. Сондай-ақ, жұмыскерлер санын көбейтіп, басқа қалаларға нарыққа шығуды жоспарлап отыр.