Май ауданында тариф жобасын қарау бойынша жария тыңдау ұйымдастырылады

Май ауданында тариф жобасын қарау бойынша жария тыңдау ұйымдастырылады
Фото: Константин Шелков

Қоғамдық тыңдау 2024 жылғы 27 қыркүйек күніне жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Май ауданында «Май-сервис» МКК-ның өтінімі бойынша жария тыңдау ұйымдастырылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті тұтынушыларды «Май-сервис» МКК суды таратушы желілер арқылы беру қызметіне тариф жобасын қарау бойынша жария тыңдауға шақырады.

Жария тыңдау 2024 жылғы 27 қыркүйек сағат 12.00-де Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе ауылы, Қазыбек би к-сі, 24 мекенжайында өтеді. Тікелей эфир Департаменттің Facebook-тегі ресми парақшасында (https://www.facebook.com/profile.php?id=1000 64953654562) жүргізіледі.

Департамент осы жария тыңдауға Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихаттың депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін, сондай-ақ тұтынушыларды, тәуелсіз сарапшыларды және өзге де мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.

Толығырақ ақпаратты 615955 анықтама телефоны арқылы білуге болады.