Павлодар мен Екібастұз қалаларынан көрші өңірге кезекті гуманитарлық көмек жіберілді

Павлодар мен Екібастұз қалаларынан көрші өңірге кезекті гуманитарлық көмек жіберілді
Фото: Константин Шелков

Жүк Петропавл қаласына он сағаттай жетеді , деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

 «AMANAT» партиясының облыстық филиалының мәліметінше, жалпы 60 тонна тиелген үш жүк көлігі Павлодар мен Екібастұздан Петропавл қаласына аттанады.  Көрші өңірге гуманитарлық көмекті жинауға жанашыр тұрғындар, кәсіпкерлер, «AMANAT», ҚХП партиялары, Қазақстан халқы Ассамблея мүшелері, «Ертіс» ФК, Ауған соғысының ардагерлері, еріктілер және т.б. қол ұшын созды.

Облыстық мәслихат депутаты, жастар, спорт және туризм мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы Айдар Курумбаевтың айтуынша, гуманитарлық көмек жинау және оны мұқтаж жандарға жіберу жалғасатын болады.

–  Біз матрацтарды, көрпелерді, жастықтарды, гигиеналық заттарды, етіктерді, дәрі – дәрмектерді, ауыз суды жібереміз, – деп атап өтті депутат. 

Жүктерді тегін тасымалдауға келіскен жүргізушілер де қайырымдылық істе үлкен үлестерін қосты.

      Жанармай құю станциясымен таныс адамдар бізді отынмен қамтамасыз етті. Жүргізушілердің бірі ақшамен, біреу заттармен көмектесті, нәтижесінде 10 тоннаға жуық қажетті тауар жиналды. Біз елде тұрып жатқандықтан қол ұшымызды бердік, – деді жүргізушілердің бірі Нұрболат Жайлаубаев.  

Еске салайық, 12 сәуірде  Жастар бастамалырн дамытур оратылығынан 13 тонна, 14 сәуірде  «Республика» партиясы мен «Жебе» қоғамдық бірлестігі атынан 40 тонна, 15 сәуірде депутаттар, «AMANAT», ҚХА мүшелері, кәсіпкерлер атынан 20 тонна, 16 сәуірде ПМХЗ атынан 20 тоннаға жуық көмек жөнелтілген болатын. Бұл азық-түлік, жылы киімдер, көрпе, ыдыс-аяқ, күрек, мотопомпа, қап, сорғы және басқа да қажетті құрал - жабдықтар.

Жалпы, Павлодар облысынан барша жерлестеріміздің атынан су тасқынынан зардап шеккен көрші өңірлерге 150 тоннадан астам гуманитарлық көмек көрсетілді.