6 қаңтарда Павлодар облысында боран соғады

6 қаңтарда Павлодар облысында боран соғады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Солтүстік-батыста, облыстың орталығында аздаған қар жауады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазгидрометтің мәліметінше, түнде және таңертең облыстың батысында боран болады. 

Оңтүстік-батыс желінің жылдамдығы 9-14, түнде және таңертең облыстың батысында екпіні 15-20 м/с құрайды.

Температура түнде және күндіз 5-10, облыстың оңтүстігінде 2 градус көрсетеді.

Павлодар қаласында ауыспалы бұлтты болады, түнде аздаған қар жауады. 

Сынап бағанасы түнде 7-9, күндіз 5-7 градус көрсетеді.