8 маусымда Павлодар облысында өткінші жаңбыр жауады

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Сынап бағанасы күндіз +21...+26 °C-ты көрсетеді.
Павлодарда ауа температурасы күндіз +23...+25 °C-қа дейін көтеріледі. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.