Успен ауданында жер ала алмай жүрген тұрғынның құқықтары қорғалды
Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінім қарау мерзімін созып жіберді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ облыс бойынша филиалы тарапынан жер кадастры саласында көрсетілетін қызметті алушылардың құқықтарын бұзудың жаппай жағдайлары анықталды. Оларды қазан айында мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті анықтады.
– Әйел Успен ауданының аумағында жобаланған жер учаскесін келісу үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінді. Алайда, қызмет беруші өтінімдерді қарауды 50 жұмыс күніне дейін созды. Бұл ретте «Жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу» мемлекеттік қызметін көрсету мерзімі 7 жұмыс күнін құрайды,– деді департаментте.
Департамент араласқаннан кейін әйелдің құқығы қалпына келтірілді. Оған барлық 36 өтінім бойынша мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері берілді. Мемлекеттік корпорацияның атына кінәлі тұлғаларды тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша ұсыныс жолданды.
Айта кету керек, жыл басынан бері департамент тоғыз азаматтың бұзылған құқықтарын қалпына келтірді. Департамент жанында 20-85-06 сенім телефоны жұмыс істейді. Оған азаматтар мемлекеттік қызметтерді алу кезінде туындаған проблемалық мәселемен, сондай-ақ Telegram мобильді қосымшасы арқылы «EgovKzBot2.0» бот-платформасындағы «Уәкілетті органға жүгіну» бөлімінде шағым беру арқылы жүгіне алады.