Павлодарлықтар ТҮКШ мәселелері бойынша кеңес ала алады
Қабылдау онлайн-режимде өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің облыстық департаменті тұтынушыларға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында реттеліп көрсетілетін қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізеді.
Қоғамдық қабылдау 14 мамыр күні сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін департаменттің Facebook-тегі ресми парақшасында тікелей эфирде өтеді.
Толығырақ ақпаратты 32-12-10, 32-12-04 телефондары арқылы алуға болады.