Ақсу ферроқорытпа зауытында түтін мұржасы зақымданды
Оқиға қатты жел салдарынан болған, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазхром» трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, 10 наурыз күні Ақсу ферроқорытпа зауытының №1 балқыту цехында қатты жел салдарынан №15 пештің түтін мұржасының бір фрагменті құлады.
– Инцидент жергілікті сипатқа ие болып, кәсіпорынның өндірістік процесіне әсер еткен жоқ. Аталған нысанға соңғы техникалық тексеру 2023 жылы белгіленген мерзімде жүргізілген, – делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ауа райының қолайсыздығына байланысты кәсіпорында жедел штаб құрылып, жауапты қызметтердің кезекшілігі ұйымдастырылған.