Торайғыров университетінің студенттері паратхэквондодан ел чемпионатының жүлдегерлері атанды
Павлодарлықтардың қоржынында алтын және күміс медаль бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Университеттің баспасөз қызметінің мәлімдеуіше, паратхэквондодан Қарағанды қаласында өткен Қазақстан Республикасының чемпионатына еліміздің барлық өңірлерінен келген спортшылар қатысты. Аталған жарысқа Торайғыров университетінің студенттері де қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

— Университет намысын үш студент қорғап, республикалық деңгейде жоғары нәтиже көрсетті. Чемпионат қорытындысы бойынша екі спортшымыз чемпион және жүлдегер атанды, - делінген хабарламада.
P-52 санаты бойынша ИС-202 (с) тобының студенті Алтынбек Ерсінұлы Қазақстан Республикасының чемпионы атанды. Осы санатта ПД-302 тобының студенті Әлібек Қарқанов күміс жүлдеге ие болды. Спортшылардың жаттықтырушысы — спорттық даму дирекциясының бас жаттықтырушысы Мұхтар Жүсіпов.
Чемпионат нәтижесі бойынша спортшылар Қазақстан Республикасы спорт шебері нормативтерін орындап, өздерінің шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
Фото: Торайғыров университетінен.