Ақсуда жуынатын бөлмеде құлаған зейнеткер құтқарылды

Ақсуда жуынатын бөлмеде құлаған зейнеткер құтқарылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Болжам бойынша егде жастағы қария жуынып жатқан кезде ваннаға құлаған, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ақсу қаласы жедел құтқару жасағының мәліметінше, 26 қараша күні 112 пультіне әйел адамның пәтерде ұзақ уақыт айқайлап, көмек сұрағаны туралы хабарлама түскен. 

Оқиға орнына келген Ақсу қаласының құтқарушылары екінші қабаттың балконы арқылы үш буынды баспалдақтың көмегімен пәтерге кіріп, жуынатын бөлмеде жатқан зейнеткерді анықтады, – деп жазылған хабарламада. 

Қария абайсызда құлап кетіп, өздігінен тұра алмаған. Құтқарушылар оны көтеріп, диванға отырғызды, әрі қарай әлеуметтік қызметкерлерге тапсырды.