«Звезда Прииртышья» газетіне жаңа бас редактор тағайындалды

«Звезда Прииртышья» газетіне жаңа бас редактор тағайындалды
Фото: Есенжол Исабек

«Ertis Media» ЖШС директоры Руслан Билялов облыстық басылымның басшысын таныстырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің жаңа бас редакторы болып журналистика саласында көп жылдар жұмыс істеген Ерсайын Ертісбаев тағайындалды.  

Орыс тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша жоғары филологиялық білімі бар.  Pavlodarnews.kz АА-да басшылық лауазымдарды атқарды, облыстық  Halyq radiosy-ның бас редакторы болған. 

Сондай-ақ, ERTIS және «Ирбис» телеарналарында, «Қазақстан темір жолы» республикалық газетінде,  Регион.KZ газетінің жауапты хатшысы болып еңбек еткен.

Бұған дейін облыстық «Звезда Прииртышья» газетін 11 жыл бас редактор болып жұмыс істеген Владимир Долгушев басқарған. Медиа-холдингтің директоры Руслан Билялов бұрынғы редактордың жұмысына сәттілік пен табыс тіледі. 

Айта кетейік, «Ertis Media» ЖШС медиа-холдингіне облыстық Saryarqa Samaly, «Звезда Прииртышья» газеттері, сондай-ақ «Халық радиосы», «Найзатас» әдеби журналы және Pavlodarnews.kz ақпараттық агенттігі кіреді.