Алдағы күндері Павлодар облысында ауа температурасы +32 градусқа дейін көтеріледі

Алдағы күндері Павлодар облысында ауа температурасы +32 градусқа дейін көтеріледі

Жел негізінен оңтүстік-батыстан соғып, оның жылдамдығы секундына 9-14 метрді, облыстың оңтүстігінде 15-20 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы «Қазгидромет» мәлімдеді.

6-10 қыркүйек аралығында жауын-шашын күтілмейді. Одан кейінгі екі күнде өңірдің батысы мен солтүстігінде жаңбыр жаууы мүмкін.

6, 7 және 8 қыркүйекте күндіз ауа температурасы +25…+30 градус, түнде +10…+15 градус болады. Облыстың шығысында түнде ауа температурасы +7 градусқа дейін төмендейді.

9 және 10 қыркүйекте күндіз ауа температурасы +32 градусқа дейін жылынады. Түнде ауа температурасы бұрынғыдай +10…+15 градус шамасында сақталады.

11 қыркүйекте аптап ыстық сәл басылады. Күндіз ауа температурасы +20…+25, түнде +12…+17 градус болады.