Павлодарда республикалық «Nomad» жайдарман ойындарының 2-ші кезеңі өтті
¼ ойынында 10-нан астам команда өнер көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Торайғыров университетінде өткен жайдарманға еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 14 құрама қатысты. Бұл кезеңде жоғарғы лига ойындарының жұлдызы, «Қыздар емес» командасының капитаны Олжас Тұрғали ойынның редакторы және қазылар алқасының мүшесінде болды.
- Бұл лигада жас командалар өнер көрсетеді. Құрамаларды екі топқа бөлдік. Бірінші топта 7 команда өнер көсетеді. Жалпы, жайдарманшылардың қарқыны жаман емес. Менің ойымша әзірге топ жарып тұрған павлодарлық «Сапашов» моно құрамасы,- дейді Олжас Тұрғали.
Осы ойында Павлодар өңірінің 3 командасы өнер көрсетті. Олар – "Низам","Сапошов" және "Синдикат" құрамалары.
- Бүгінгі жайдарманда "Номад" лигасының солтүстік-шығыс лигасы деп алуға болды. Маусымашар ойыны Екібастұз қаласында өтеді. Жартылай финал Өскеменде және ақтық мәре Семейде болады деп жоспарлаудамыз,- деді Павлодар Жайдарман лигасының басшысы Олжас Қоңыратбаев.
Бұл лиганың басты ерекшелігі барлық командалар ақтық мәреге дейін өнер көрсетеді.
Еске сала кетейік, өңірлік құрама «Ақтоғай» республикалық ашық лиганың жартылай финалына жолдама алды.