Алғыс айту күні Павлодарда жастар дәрігерлерден тегін кеңес ала алады

Алғыс айту күні Павлодарда жастар дәрігерлерден тегін  кеңес ала алады
Фото: Константин Шелков

1 наурызда «Almaz Medical Group» ЖШС-де жастар денсаулық орталығының ашық есік күні өткізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше,  шара аясында 10-17 жас аралығындағы  балалар мен жасөспірімдер, сондай-ақ 17-29 жас аралығындағы жастар келесі мамандардан кеңес ала алады: уролог, гинеколог, терапевт, психолог, дерматовенеролог және т.б.

Акцияның мақсаты – ерте жүктіліктің, жыныс жолдары арқылы таралатын инфекциялардың алдын алу, жастар орталығының қызметімен таныстыру.

Ашық есік күні сағат 10.00-ден 17.00-ге  дейін өтеді.