ШЫҰ саммиті: Павлодар 103 қызметі Алғыс хатпен марапатталды

ШЫҰ саммиті:  Павлодар 103 қызметі Алғыс хатпен марапатталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Ақ желеңділерге сапалы жұмысы үшін марапат табысталды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі. 

Облыстық жедел жәрдем станциясының мәліметінше, Астанада өткен ШЫҰ саммитіне қатысушыларға медициналық қызмет көрсету үшін түрлі өңірлерден күш тартылды. Оның ішінде павлодарлық 13 медицина қызметкері БАӘ мен Моңғолиядан келген екі халықаралық делегациямен жүрді. 

Мамандар мен 103 жабдықтары бар көлік Халықаралық алаң деңгейінің стандарттарына сәйкес келуі керек болды. Павлодар облысынан екі реанимобиль және екі толық медициналық бригада – барлығы 13 адам жіберілді. 

ШЫҰ саммиті кезіндегі сапалы жұмысы үшін Павлодар 103 өкілдері Алғыс хатпен марапатталды. Оны жедел жәрдем станциясында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әнуар Бұйрашев тапсырды. 

–  Біздің қызметімізді осындай жоғары деңгейде атап өткені – қуантарлық жайт, –  деді станция басшысы Қанадан Ахметжанов. –Астанада қандай да бір «элита» емес, Павлодарда және біздің басқа қалалар мен аудандарда күн сайын жедел жәрдем көрсететін мамандар жұмыс істеді. Олар алғашқы медициналық көмек көрсетудің барлық халықаралық стандарттарын үйренген.

Айта кетерлігі, жүргізушілер, фельдшерлер мен дәрігерлер шетелдік делегациялармен үш күн тәулік бойы жүрді. Осы уақыт ішінде Павлодар дәрігерлеріне екі өтініш түскен. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Скорая помощь/Павлодар (@103_pvl)