Апаттық жағдай туғызған: Павлодар облысында жүргізушіге айыппұл салынды (ВИДЕО)
Сондай-ақ ол басып озу кезінде жол таңбасын елемеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында @kolesa_pavlodara парақшасында жол қозғалысы ережелерін бұзу бейнежазбасы жарияланғаны анықталды.
Полиция осы бейнежазба бойынша тексеру жүргізді.
– 8 қазанда Омбы – Майқапшағай автожолының 370 шақырымында «Ford Mondeo» маркалы автокөлігінің 53 жастағы жүргізушісі көлік қозғалысы кезінде апаттық жағдай туғызғаны және басып озу кезінде жол таңбасын елемегені анықталды, – деді департаментте.
Жүргізушіге қатысты ӘҚБтК 601-бабының 1-бөлімі және 606- бабының 1-бөлімі бойынша әкімшілік материалдар толтырылып, жалпы сомасы 22425 теңгеге айыппұл салынды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram