Успен ауданында төрт бөлмелі үй отқа оранды

Өрт сөндірушілер өрттен алты газ баллонды шығарды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысының ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, хабарлама келіп түскен соң өрт сөндірушілер дереу Успен ауданының Қоңырөзек ауылына шыққан.
– Шақырту орнына келген өрт сөндірушілер жеке тұрған 4 бөлмелі үйде орын алған өртті 100 шаршы метр аумақта сөндіруге жедел кірісті. Жанып жатқан үйден көлемі 27 литрлік алты газ баллон шығарылып, жарылыстың және өрттің жақын маңдағы тұрғын үйлерге одан әрі таралуына жол берілмеді, – деді департаментте.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.
Павлодар облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауды еске салады.