Денесін бөлшектеп, өзенге тастаған: Павлодар облысында ауыл тұрғыны сотталды
Үкім заңды күшіне енбеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында адам өлтіру фактісі бойынша ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК 99-б. 1-б.).
Іс материалдарына сәйкес былтырғы жылдың күзінде Тереңкөл ауылындағы пәтердің бірінде ер адам мен оның азаматтық әйелі арасында жанжал туындаған. Ауыл тұрғыны әйел адамның көмір сатып алуға қалдырылған 36 мың теңгені жұмсағаны үшін ұрыс-керіс шығарды. Жанжал барысында масаң күйдегі әйел ер адамға табамен соққы жасамақшы болған. Екіншісі жауап ретінде өлтіру мақсатымен әйелдің кеудесі мен дененің басқа бөлігіне жұдырықпен бірнеше рет соққы берді. Зардап шеккен алған жарақаттардан сол жерде қайтыс болды.
Келесі күні айыпталушы жасалған қылмысты жасыру мақсатымен әйелдің денесін бөлшектеп, кейіннен қаптарға салып, Ертіс өзеніне лақтырып жіберген.
Жасалған іс-әрекет үшін заңмен 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
– Істің мән-жайын және сотталған адамның жеке басын ескере отырып, оған 11 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды,– деді Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінде.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.