Асайын Байханов Амал мерекесімен құттықтады

Асайын Байханов Амал мерекесімен құттықтады

Облыс әкімі өзінің құттықтауын Іnstagram әлеуметтік парақшасында жариялады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Қадірменді жерлестер!

14 наурыз қазақта көрісу күні, амал мерекесі. Бұл күні қазақ халқы бір-бірінің үйіне барып, өкпе-реніштерін ұмытып, бір-біріне жақсылық тілеп жатады.

Көрісу күні Наурыз мейрамының бастауы болып табылады. Адамның адаммен, жылдың жылмен көрісіп, қауышқан шағы. Пенденің аузы аққа, мал аузы көкке тиетін шақ.

Бір жасыңыз құтты болсын!

Амал мерекесі құтты болсын!