Ақсуда жуынатын бөлмеде құлаған зейнеткер құтқарылды

Ақсуда жуынатын бөлмеде құлаған зейнеткер құтқарылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Болжам бойынша егде жастағы қария жуынып жатқан кезде ваннаға құлаған, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ақсу қаласы жедел құтқару жасағының мәліметінше, 26 қараша күні 112 пультіне әйел адамның пәтерде ұзақ уақыт айқайлап, көмек сұрағаны туралы хабарлама түскен. 

– Оқиға орнына келген Ақсу қаласының құтқарушылары екінші қабаттың балконы арқылы үш буынды баспалдақтың көмегімен пәтерге кіріп, жуынатын бөлмеде жатқан зейнеткерді анықтады, – деп жазылған хабарламада. 

Қария абайсызда құлап кетіп, өздігінен тұра алмаған. Құтқарушылар оны көтеріп, диванға отырғызды, әрі қарай әлеуметтік қызметкерлерге тапсырды.