Павлодарлық оқушылар колледжге тегін сертификат алды
Олар шаштараз және тігін өнерін меңгерді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қызмет көрсету саласы колледжінде қала мектептерінің 8-сынып оқушыларына арналған жазғы кәсіптік бағдар беру лагері ұйымдастырылды. Курстың мақсаты студенттерге оқу бейінін және болашақ кәсіби қызмет саласын таңдауда бағдар беру болып табылады.
– Мектептің 53 оқушысы шаштараз өнері мен тігін өндірісінің негіздері бойынша тегін курстарға қатысты. Бұл курс өндірістік оқытудың білікті және тәжірибелі шеберлерінің жетекшілігімен өтті. Балалар жазғы костюм тігудің ерекшеліктерін және шаштараз өнерінің негіздерін зерттеді, – дейді ұйымдастырушылар.
Курс оқушылардың көңілінен шықты. Соңында барлық қатысушылар сертификат алды. Бұл оларға колледжге конкурстан тыс тегін негізде түсуге мүмкіндік береді.