Ақсудағы фермерлік базардың құрылысы көктемде басталады

Ақсудағы фермерлік базардың құрылысы көктемде басталады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Осылайша шаруалар жылы және жайлы жерде сауда жасайтын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Salem» болашақ екі қабатты фермерлік базарының жалпы ауданы 1800 шаршы метрді құрайды. «Павлодар ӘКК» АҚ басқармасының басшысы Тимур Жантеміровтің айтуынша,  жобалық-сметалық құжаттама аяқталуға дайын. Одан кейін желтоқсанда сараптама қорытынды шығады деп күтілуде. 

«Гермес-БТА» ЖШС базасында бірлескен кәсіпорын құрылады. Жобаның құны-шамамен 500 миллион теңге. 

– Павлодардағы «JAILAU»  әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы екі жыл бойы салған еді. Енді шаруалар жылы және жайлы жерде сауда жасайтын болады. Мұндай базарлар Екібастұз бен Ақсуда болуы тиіс. Сіз жол картасын дайындап, жауапкершілікті және орындалу мерзімін белгілеуіңіз керек еді, – деді «Павлодар ӘКК» АҚ басқармасының басшысына Асайын Байханов.–Нақты нәтижелер қажет. Бұл жердегі жұмыстар ерте басталуы керек болған.  

Облыс әкімі базардың құрылысын келесі жылдың сәуіріне дейін кешіктірмей бастауды тапсырды. Ондағы алаңдар аптасына бес күн жұмыс істеу керек. 

Базарға өз өнімдерін қала маңындағы ауылдардан шаруа қожалықтары ғана емес, сонымен қатар қалалық ауыл шаруашылық жәрмеңкелеріне қатысатын Май ауданының фермерлері де әкеле алады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін делдалдарсыз және көтерме бағамен павлодарлық «JAILAU» базарындағы сияқты сату жоспарлануда.