Биыл Екібастұзда 25 ойын алаңы орнатылды

Биыл Екібастұзда 25 ойын алаңы орнатылды
Фото: Екібастұз әкімдігінен

Оның басым бөлігі бюджет қаражаты есебінен салынды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қала әкімінің мәлімдеуінше, ағымдағы жылға жоспарланған аулаларды абаттандыру жұмыстары аяқталған.

- Барлығы 25 ойын алаңы орнатылды. Оның 20-сы бюджет қаражаты шеңберінде бой көтерсе, демеушілік қаражаттың арқасында 3 алаң, «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы арқылы 2 ойын алаңы орнатылды, - деді кеншілер шаһарының әкімі.

Аян Бейсекиннің айтуынша, қалада бұдан бөлек, тағы 5 воркаут алаңы мен 3 стритбол алаңы салынған.

- Бүгін орындалған жұмыстардың сапасына көз жеткізу үшін осы алаңдарды аралап шықтым, - деді ол.

Айта кетелік, келесі жылы облыс әкімінің  қолдауының арқасында Екібастұздағы 50-ге жуық аула абаттандырылмақ. Осы мақсатта 1 млрд. теңгеден астам қаражат бөлінбек.