Өзін-өзі дамыту: Павлодарда жастар өзекті тақырыптарды талқылады

Торайғыров университетінде қалалық семинар-тренинг өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Өзін-өзі дамыту бүгіннен басталады» атты тренингке Павлодар қаласы университеттері жанындағы жастар ұйымдарының белсенділері қатысты.
Спикерлер Павлодар облысы бойынша студенттік омбудсмен, жастар бастамалары орталығының директоры, Павлодар облысы бойынша «AMANAT» партиясы жастар қанатының төрағасы, шоумен және жүргізуші Алмас Каллемов, Жүсіпбек Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театры басшысының орынбасары және SMM-мамандар мен мобилогафтар болды.
Секциялық отырыстарда мобилография негіздері, көшбасшылық жолдары, сценарий мәдениеті сияқты заман талабына сай тақырыптар талқыланды.
Семинар соңында сертификаттар табысталды.