1 шілдеде Павлодардағы орталық жағалауда мемлекеттік органдардың басшылары азаматтарды қабылдайды

1 шілдеде Павлодардағы орталық жағалауда мемлекеттік органдардың басшылары азаматтарды қабылдайды

Кешкі уақытта өтетін қабылдауда облыс тұрғындары өтініш, арыздарын білдіре алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облыстық әкімдігінің мәліметінше, 2023 жылғы 1 шілдеде сағат 18.00-ден 20.00-ге дейін облыстық мемлекеттік органдардың басшылары орталық жағалаудағы «Ertis promenade» сахнасында «Азаматтарды Бірыңғай қабылдау күнін» өткізеді.

Өңірдің әрбір тұрғыны жағалауға келіп, өз сұрақтарын қойып, кеңес ала алады. Сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік және медициналық көмек, жұмысқа орналасу және білім беру қызметтері, кәсіпкерлік қызмет және т. б. салаларда ұсыныстар немесе ескертулер енгізе алады, – деді әкімдікте.

Консультациялар өткізеді:

  • Полиция департаменті
  • Білім басқармасы
  • Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы
  • Денсаулық сақтау басқармасы
  • Ауыл шаруашылығы басқармасы
  • Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы
  • Еңбек басқармасы
  • Жер қатынастары басқармасы
  • Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі
  • Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі
  • Павлодар қаласының тұрғын үй қатынастары бөлімі
  • Павлодар қаласының жұмыспен қамту орталығы
  • Мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі

Фото: Константин Шелков