Павлодар облысында көмір қаншадан сатылуда?
@Pavlodarnews.kz тілшісі тұрғындар қатты отынның бір тоннасына қанша жұмсайтынын анықтады.
Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасы көмір жеткізушілердің тізімін жария етті. Сатылымда көмірдің үш түрі бар – Майкөбе, Қаражыра және Шұбаркөл. Көмірдің бір тоннасы үшін баға 13 мыңнан басталады. Қатты отынды келесі көмір жеткізушілерден сатып алуға болады:
Восточный өндірістік аймақ көшесі, 2 мекенжайындағы «ELIT KZ» ЖШС-де Майкөбе көмірінің бір тоннасы – 13 500 теңге, ал Шұбаркөл 22 500 теңге тұрады.
Товарная көшесі, 25 мекенжайындағы «А-ВЕСТ ПАВЛОДАР» ЖШС-де Майкөбе көмірінің бір тоннасы – 13 500 теңге, ал Шұбаркөл 22 500 теңге тұрады. Осы мекенжайда орналасқан тағы бір көмір жеткізушісі бар – «СЕВЕРЭНЕРГОУГОЛЬСНАБ» ЖШС. Олар Қаражыра көмірінің бір тоннасын 17 100 теңгеден сатады.
Ал Товарная көшесі, 25Б мекенжайындағы «AIDABOL» ЖШС-де Майкөбе көмірінің бір тоннасы – 14 800 теңге, ал Қаражыра 17 000 теңге тұрады.
Транспортная көшесі, 8/21 мекенжайындағы «ХАЛЫК КОМИР» ЖШС-де Қаражыра көмірінің бір тоннасын 17 100 теңгеден сатады.
Солтүстік өнеркәсіптік аймақ көшесі, 6/2 мекенжайында «IHSAN GROUP» ЖШС-де Майкөбе көмірінің бір тоннасы – 13 500 теңге, ал Қаражыра 17 500 теңге тұрады.
Шарбақты ауылында көмір сататын екі орын бар. Чайко көшесі, 1А мекенжайындағы «ЖАЛЬН» ЖШС-де және Уәлиханов көшесі, 21 мекенжайындағы «ШАРБАКТЫ ОТЫН» ЖШС-де көмірінің бір тоннасы – 16 800 теңге, ал Қаражыра – 17 500 теңге тұрады.
Бұл 8 қаңтардағы жағдай бойынша қатты отынның құны.
Айта кетейік, қалалар мен аудандардың жергілікті атқарушы орган шешімдерімен облыс бойынша 4851 адам көмір сатып алуға арналған әлеуметтік төлемдерді алды. 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін 334,4 миллион теңге төленді.
Жылыту маусымы кезінде пешпен жылытылатын жеке тұрғын үй қорында тұратын және тіркелген көп балалы отбасыларға, мүгедектігі бар адамдарға, 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы бар отбасыларға қатты отын сатып алуға біржолғы өтемақы беріледі.