Ақсулықтар екі ай бойы ыстық сусыз отырады

Ақсулықтар екі ай бойы ыстық сусыз отырады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жоспарлы жөндеу жұмыстары жыл сайын өткізілуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық әкімдіктің мәліметінше, «Теплосервис-Ақсу» КМК 1 маусымнан 31 шілдеге дейінгі уақыт аралығында РОК-2 қазандығының жұмысы толық тоқтатылады. 

– Қазандықтың негізгі және қосалқы жабдықтарын қайта жаңарту және жаңғырту бойынша жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ, алдағы 2025-2026 жылдарында жылыту маусымына дайындық жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін Ақсу қаласының тұтынушыларын ыстық сумен жабдықтауды беруді уақытша тоқтата тұру туралы хабарлаймыз, – деді әкімдікте.

Жұмыстарға жылу желілерін жоспарлы және жоспардан тыс күрделі жөндеу, сондай-ақ, Ақсу қаласының жылу желілері жабдықтарын ағымдағы жөндеу кіреді.