Павлодарда көктемгі су тасқынына дайындық күшейтілді

Павлодарда көктемгі су тасқынына дайындық күшейтілді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңірде республикалық маңызы бар жолдар тәулік бойы бақылауға алынып, қауіпті учаскелер қадағалануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірде көктемгі су тасқынына дайындық жұмыстары қарқын алды. Қазіргі уақытта өңірдегі республикалық маңызы бар автомобиль жолдары тәулік бойы бақылауда тұр.

Мамандар күре жолдардың қауіпті учаскелерін жіті қадағалап, алдын алу шараларын күшейтті. Сонымен қатар қажетті материал қоры жасақталып, ескертпе жол белгілері, сигналды тіректер мен ілмектер орнатылды.

Жол жиектерін нығайту мақсатында инертті материалдар мен құм салынған қаптарды пайдалану жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ жол бойындағы барлық нысандар, оның ішінде көпірлер мен су өткізу жүйелері тұрақты бақылауда.