Павлодарда қайда жарық болмайды

Қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 7 тамыз күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:
- Павлов көшесі, 50;
- Катаев көшесі, 11 («Неопласт» өндірістік компаниясы, «ZTB» барбершопы), 11/1, 11/2 («Ozon» тауар беру орны, «Блеск» шаштаразы, «Кульшария» дүкені).
Сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін:
- Малайсары батыр – Алтайская – Салтыков-Щедрин – Днепропетровская көшелері алаңындағы тұрғын үйлер.