Баянауылдық жасөспірімдер ауданның киелі жерлеріне саяхаттайды
«Балдәурен» сауықтыру лагерінде оқушылар 15 күн демалады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Сұлтанмахмұт Торайғыров ауылында аудандық қала сыртындағы сауықтыру лагері баянауылдық жасөспірімдерге есігін айқара ашты.
Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің мәліметінше, лагерьде 15 күннен төрт ауысымда 160 жас демалушыны қабылдауды жоспарлап отыр. Күрделі жөндеуден өткен жаңа ғимаратта жас демалушыларға арналған барлық жағдай жаңартылған.
Салтанатты ашылу рәсімінде Баянауыл ауданы әкімінің орынбасары Елдос Бөриев алғашқы демалушыларға көңілді демалыс пен естен кетпес ғажап көңіл-күй тілей отырып, жылы лебізін жеткізді.
Лагерьдің бағдарламасында Баянауылдың туристік бағыттарындағы киелі жерлерін саяхаттау көзделіп отыр. Аталған лагерьге ауданның үздік, дарынды оқушылары мен әртүрлі санаттағы оқушылар қамтылды.