Павлодар облысында бақылау-өткізу бекетінде тінту жүргізілді
Тінту «Допинг» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысы бойынша ҚАЖД мәліметінше, ҚАЖК ІІМ №45 мекеме жедел бөлімінің қызметкерлері қырағылық танытып, мекеме аумағына есірткі тасымалдануының алдын алуда.
ҚР Ішкі істер министрінің тапсырмасына сәйкес, ағымдағы жылдың маусым айынан қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріне есірткі заттардың енуін болдырмау және аңықтау мақсатында күшейтілген тексеру іс-шарасын өткізу белгіленген. Осыған байланысты Павлодар облысының есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл тобының жедел уәкілі, полиция капитаны А.Асылбеков және кіші инспектор кинологі, полиция сержанты А. Браленов Буран атты итімен және ҚАЖК ІІМ РММ №45 мекеме жедел уәкілі, әділет капитаны Н.Ілиясовпен бақылау өткізу бекетінен бастап, сәлем-сауқат қабылдау орнын және жасақтарды тексерді.
– Есірткіге қарсы тексеріс жұмыстары күшейтілді, облыста нашақорлықпен күрес жүйелі түрде жүргізіліп келе жатқанымен есірткіге тәуелді болып қалушылар саны аз емес. Сонымен қатар бүгінде есірткінің синтетикалық түрлері көбейген, – деді департаментте.
Тексеру кезінде есірткіге қатысты факті тіркелген жоқ, дегенмен аталған бағытта жұмыстар жалғасын табады.