Павлодар облысы жылыту маусымына 80 пайыз дайын
Жылумен жабдықтау мәселелерін шешу үшін жол картасы әзірленді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар мен Екібастұз қалаларындағы жылумен жабдықтау проблемаларын жол картасы шешпек. Ол жылу көздерін жаңғыртуды және ұзындығы кемінде 25 шақырым магистральдік және орамішілік жылу желілерін жыл сайын қайта жаңартуды көздейді.
Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ержан Иманзайыповтың айтуынша, қазір Павлодарда ұзындығы 2,5 шақырым болатын 13-ЖМ жылумен жабдықтау жобасы бойынша жұмыс жүргізілуде.
– 2025 жылға екі жоба жоспарланған. 20-ЖМ жылу магистралін қайта жаңарту және орамішілік жылу желілерін қайта құрудың екінші кезеңі Жаяу Мұса және Шөкин – Сәтбаев көшелерінің аумақтарында өтеді, – деді басқарма басшысы.
Жылу көздері облыстың барлық қалаларында кестеге сәйкес жөнделуде. Өткен жылы Екібастұзда жалпы ұзындығы 3,5 шақырым болатын 7/1 ЖМ салынды. Қазір 1-ЖМ және 3-ЖМ қайта жаңартылуда, бұл – 3,9 шақырым жылу желілері. Келесі жылы тағы үш жоба жоспарлануда.
– Үкіметтің резервінен Екібастұз ЖЭО үшін 15-ші жылу агрегатын жөндеуге, сондай-ақ жарықтандырылған судың жаңа магистралін салуға ақша бөлінді. Жылыту кезеңіне қала алты қазандықпен кіреді, бұл жеткілікті, – деді Ержан Иманзайыпов.
Айта кетейік, биыл жылумен жабдықтау бойынша барлық жобалардың жалпы сомасы 20 миллиард теңгеден асады.
Естеріңізге сала кетейік, Екібастұз ЖЭО-да барлық он қазандық күрделі жөндеуден өткен болатын. Сонымен қатар, төрт жылу магистралі мен орамішілік желілер қайта құрылды.