Павлодарда ЖЭО-3-тегі маңызды жабдық жаңартылуда

Павлодарда ЖЭО-3-тегі маңызды жабдық жаңартылуда
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жұмыс нысанның тұрақтылығын күшейтуге бағытталған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Өңірдегі үшінші жылу-электр орталығының турбиналық цехында бесінші станциялық қоректік электр сорғысының қозғалтқышы ауыстырылып жатыр.

Энергетиктердің мәліметінше, қазір жаңа агрегатты желіге қосу жұмыстары жүргізілуде. Мамандар оны бос жүрісте айналдырып, жұмыс қабілетін тексермек. Негізгі кезең аяқталған соң құрылғы сынақ режимінде іске қосылады.

– Электр қозғалтқышын ауыстыру жабдықтың сенімділігін арттырып, істен шығу жағдайларын азайту үшін қажет. Қазір негізгі жұмыстар аяқталды, қозғалтқышты сынақ режимінде қосуға дайындық жүріп жатыр, – деді турбиналық цех бастығының пайдалану жөніндегі орынбасары Даниил Ефимов.

Қоректік электр сорғысы станция қазандықтарын қажетті сумен қамтамасыз етеді. Қозғалтқышты жаңарту оның үздіксіз әрі қауіпсіз жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Еске сала кетейік, бұған дейін бесінші станциялық қоректік электр сорғысының қозғалтқышы ауыстырылатыны хабарланған еді. Онда жабдықты жаңарту жұмыстары жылу-электр орталығының сенімді жұмысын қамтамасыз ету үшін жүргізіліп жатқаны айтылған.