Британдық БАҚ «Челсиді» Павлодарда «ойнатты»
«Астана» мен «Челси» арасындағы футбол матчы көптеген түсінбеушіліктер туғызды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, «Астана Аренада» жөндеу жұмыстарына байланысты елордалықтар Еуропадан келген қонақтарды Алматының орталық стадионында қабылдауға мәжбүр. УЕФА конференциялық лигасының негізгі кезеңі аясында «Астана» Алматыда ағылшынның атақты «Челси» клубына қарсы ойнады.
Алайда, қазақ футболындағы жағдайдан бейхабар британдық БАҚ матч өткен қалаларды шатастырып жіберді. Кейбір БАҚ қазақ қалаларын шатастырып, «Челсидің» елордадағы «Астана Аренада» ойнап жатқанын жазды. «Ақсүйектерді» ең алысқа жіберген Daily Mail басылымы болды: журналистер «Челсиді» матчын Павлодардан «бір-ақ шығарды».
Ал матчты ұйымдастырудың өзі кермек дәмін қалдырды. Стадионның өзi, трибунадағы қар құрсаулары ақыры Орталық стадион директорын жұмыстан босатуға әкеп соқты.
Матчтың өзі 3:1 есебімен астаналықтардың жеңілісімен аяқталды. Соңғы турдың алдында команда 36 команданың арасында 28-орында келеді.