«Ертіс» футбол командасы бас бапкерсіз қалды

«Ертіс» футбол командасы бас бапкерсіз қалды
Фото: “Ертіс” ФК баспасөз қызметі

Келісімшартты бұзу туралы шешім футбол клубының басшылығымен өзара келісім бойынша қабылданды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Команда Қайрат Нұрдәулетовке атқарған жұмыстары үшін алғысын білдіріп, алдағы кәсіби қызметіне сәттілік тілейді.

- Біріншіден, командаға жан-тәнімен толық беріліп жұмыс істегеніне, қала тұрғындарына жылы қарсы алғандары үшін және жанкүйерлерге бізге қолдау көрсеткен үшін рахмет, - деп қоштасты бапкер.

Сондай-ақ, Карат Нұрдәулетов Тамерлан Ағыманов туралы тарап жатқан ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін атап өтті. Бұрынғы бапкер оның әлеуеті мен болашағы зор тамаша футболшы екенін айтты.

Бас бапкердің міндетін атқарушы болып Валерий Нұрланұлы Белгібаев тағайындалды.