Павлодар екі күнге әйелдер футболының орталығына айналады

Павлодар екі күнге әйелдер футболының орталығына айналады
Фото: Константин Шелков

QJ League кезекті ауқымды жобаны жариялайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

25 қыркүйекте Павлодарда облыстық футбол федерациясы мен Mastercard қолдауымен QJ League ұйымдастырған қыздарға арналған футбол фестивалі өтеді. Облыстық федерацияның бас хатшысы Сейтбек Сембаевтың айтуынша, лига жұртшылықты әйелдер футболына тартуға ниетті.

Сонымен қатар, фестиваль кезінде QJ League келесі жылдан бастап басталатын қыздар арасындағы жастар клубтарының турнирін бастайды.

- Фестивальге қатысу үшін біз 2012, 2013, 2014 және 2015 жылы туған оқушыларды шақырдық, - дейді Сейтбек Сембаев. - Қыздарға сертификатталған жаттықтырушылар жаттығу өткізеді. Фестивальге бір күн қалғанда Павлодарда 2025 жылғы QJ League әйелдер арасындағы чемпионат қатысушыларымен семинар өтеді. Оған Павлодар командасының қатысуы жоспарлануда.

Қатысушылар мен көрермендерді түрлі қызықтар, қыздар арасындағы футбол турнирі және Ayau концерті күтеді. Фестиваль 25 қыркүйекте орталық стадионда сағат 12.00-де басталады.

QJ League-Қазақстанның футболдан жасөспірімдер лигасы, оған Қазақстанның кәсіби футбол клубтарының жасөспірімдер командалары қатысады. Лига 2023 жылы құрылған.