Павлодарлық футболшы «Астанада» ойнай ма?
Ол қазір елордалықтардың сапында жаттығып жүр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаянның айтуынша, Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсететін жалғыз павлодарлық Арман Кеңесов елордалық командада жүр.
- Арман Кеңесов қазірдің өзінде бізбен бірге жаттығуда және ол менің келесі маусымдағы жоспарымның бір бөлігі. Біз оның соңғы Қазақстан чемпионатындағы ойынын мұқият қарадық, - деді «Астананың» бас бапкері «Гимарайншпен» ойын алдында.
24 жастағы жартылай қорғаушы соңғы үш маусымды «Ақтөбе» сапында өткізді. Биыл ол 20 ҚПЛ-да 20 матч өткіізп, онда үш гол соғып, төрт ассист жасады.
Футболшының құқығы Астанаға тиесілі деген ақпаратқа келсек, ол ақталған жоқ. Қазір павлодарлық ойыншыға Қазақстанның бірнеше клубтары қызығушылық танытып отыр.