Екібастұзда Олимпиада жүлдегері қатысатын футбол шоу-матчы өтеді
OneGAME және AF командалары Екібастұз әкімінің Кубогі үшін тартысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Командалар құрамында бокстан Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс жүлдегері Василий Левит, грэпплингтен Азия чемпионы Василий Тахтай, шоумен Арнат Өтепбергенов, қазақстандық блогер Әділет «Упучук» Айтжанов және басқа да танымал жұлдыздар бар.
Ұйымдастырушылардың сөзіне қарағанда, акция мақсаты – адамдардың футболға деген қызығушылығын ояту, көңіл-күйлерін көтеру және адамдардың өзін-өзін жетілдіріп, спорттық іс-шараларға, салауатты өмір салтына деген ынта-жігерін арттыру.
Матч 20 мамырда сағат 16:00-де «Шахтер» стадионында басталады.
Одан бөлек, футбол шоу-матчының қатысушылар жасөспірімдер үшін мастер-класстар өткізіп, қаладағы ең маңызды жылу магистральдерінің құрылысы мен жылу желілерінің жөндеу жұмыстарымен танысады.
Фото: ашық дереккөздерден