Павлодарда мемлекеттік грант алған жастар табысқа жетудің сырымен бөліседі

Павлодарда мемлекеттік грант алған жастар табысқа жетудің сырымен бөліседі
Фото:pixabay.com/Elf-Moondance

«Özgerıs mümkındıgı» мотивациялық кездесу NEET санатындағы жастар үшін өткізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Кездесу 23 тамызда сағат 16:00-де Луговая көшесі, 16 мекенжайындағы инвесторлар үйінде басталады. 

– Мемлекеттік гранттар алған және өмірлерін өзгерткен 10 жас нақты табысқа жеткен жолдың сырын айтып береді. Қатысушылар өз мақсаттарына жету үшін мемлекеттік бағдарламаларды қалай пайдалану керектігі туралы құнды ақпаратпен бөліседі,– деді Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімінде. 

Келген жастар жүздесуден шабыт алып, арманды қалай жүзеге асыру үшін не істеу керектігін білетін болады.