Павлодарда Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай кинокөрсетілімдер циклі бастау алады

Көрсетілімнен кейін фильмдердің талқылауы өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
17 наурыздан бастап С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Киномайдан» атты кинокөрсетілімдер циклін бастайды.
– Ұлы Отан соғысына арналған кинокөрсетілімдер циклін өткізу өткен ұрпақпен өзара байланысты қамтамасыз етуге, патриотизмді дамытуға, мәдени-тарихи жадыны сақтауға, халықтар достығын нығайтуға мүмкіндік береді, – дейді кітапханада.
Тақырыптық блоктарға бөлінген фильмдер көрсетіледі. Қазақстан кинематографиясынан «Мәншүк туралы дастан», «Анаға апарар жол», «Бауыржан Момышұлы» және т.б., Кеңес киносының классикасынан «Баллада о солдате», «В бой идут одни старики», «А зори здесь тихие» және т.б. көрермендерге ұсынылады.
Сондай-ақ, соғыс туралы қазіргі заманғы, деректі, балалар және соғыс, партизандар, Ленинград қоршауы, Сталинград соғысы, жеңіс туралы фильмдер көрсетіледі.
Алғашқы фильм «Баллада о солдате» болмақ. Ол 17 наурызда сағат 17:00-де Ак. Сәтбаев көшесі, 104 мекенжайындағы облыстық кітапханада басталады.
Фильмді көргеннен кейін талқылау болады, онда әркім эмоцияларымен бөлісіп, өз пікірін білдіре алады.