«Ertis Promenade»-та Қазақстан футболы тарихындағы маңызды матч көрсетіледі

«Ertis Promenade»-та Қазақстан футболы тарихындағы маңызды матч көрсетіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Футбол сүйер қауым бір мезетте сүйікті ойыншыларын қолдауға мүмкіндік алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің мәліметінше, 30 қыркүйекте орталық алаңдағы Ertis Promenade сахнасында чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің тікелей көрсетілімі болады.

Сағат 21:45-те басталатын ойын «Қайрат» пен «Реал» арасында болмақ. 

Еске сала кетейік, «Қайрат» пен «Реал Мадрид» матчына билеттер толықтай сатылды. Алайда стадионның сыйымдылығы – небәрі 20 мың орыннан сәл ғана асады. Бұл – шынайы жағдай: барлық сұранысты қанағаттандыру физикалық тұрғыда мүмкін емес еді.