Екібастұзда мердігер қоршалмаған аумақта жылу жабдықтау желісін салған

Екібастұзда мердігер қоршалмаған аумақта жылу жабдықтау желісін салған

Жұмыстар шағын аудан тұрғындарына қауіп төндірумен жүргізілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«AMANAT» партиясы облыстық филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, бақылау комиссиясының мүшелері Екібастұзда ТКШ нысандарына мониторинг жүргізді. 

«Grappa-Stroy» ЖШС мердігерлік ұйымы Сүтжанов көшесі бойынша Ф219 мм-ден ф273 мм - ге дейінгі жылу желісі құбырының диаметрін НО-10А/Л-ден қаланың оңтүстік бөлігіндегі Гридин-Сүтжанов көшелерінің қиылысына дейін ұлғайту бойынша жұмыс атқарды.

– Жұмыстар қоршалмаған аумақта жүргізілуде, осылайша шағын аудан тұрғындарына қауіп төндіреді. Қала әкімдігінің ТКШ бөліміне және «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-не тиісті ұсынымдар жолданатын болады, - деді «AMANAT» партиясы облыстық филиалында.

Береке көшесі тұрғындарының жерасты орындауындағы жылу желісінің құбырындағы олқылықтарды жою мәселесі бойынша ауыстыру жылыту маусымынан кейін жүргізіледі. Бүгінде жылу беруші ұйымның бригадасы бұзушылықтарды жойды.