«Ertis Promenade» концертіне орай автобус бағыттарының жүру уақыты ұзартылды

«Ertis Promenade» концертіне орай автобус бағыттарының жүру уақыты ұзартылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл концерттен кейін тұрғындардың үйлеріне еш қиындықсыз жетуіне орай ұйымдастырылып отыр,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бүгін яғни 18 тамызда «Ertis Promenade» сахнасында үлкен кеш өтеді. 

Осыған орай Академик Сәтбаев көшесі арқылы қатынайтын және қаланың ауылдық аймағына қызмет көрсететін автобус бағыттарының атап айтқанда №21, 21А, 21К, 38, 41, 44 және 66 маршруттар жұмыс уақытын 19 тамыз күні түнгі сағат 00:00-ге дейін ұзартады.

Еске сала кетейік, Павлодар облысының бас сахнасында дрон-шоумен ерекше концерт өтеді. 

Кештің хедлайнерлері – Қазақстанның танымал әншісі Роза Рымбаева, Raim және Sadraddin. Өнерпаздар көрерменге танымал әндерін орындап, ерекше атмосфера сыйлайды.

18 тамыз күні сағат 19:00-де Ertis Promenade сахнасында өтеді.