Екібастұзда пәтерде этил спиртін сатқан әйел ұсталды
Ол алкагольдік өнімді Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі пәтерде саудалаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 ақпанда сағат 13.00 шамасында сәйкес тіркеусіз кәсіпкерлікпен айналысу фактісі анықталды. 42 жастағы әйел адам 38 жастағы ер адамға этил спиртін сатқан, этил спирті алынды. Аталған фактілер бойынша ҚР ӘҚБК 463-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа қарауға жолданды.
– Сол күні сағат 16.20-да учаскелік полиция инспекторлары Энергетиктер көшесіндегі дүкенде сәйкес рұқсатсыз алкагольді өнімді сақтау және бөлшек сату фактісін анықтады. 145 бірлік көлемінде алкагольдік өнім алынып, сақтау камерасына қойылды, – деп хабарлады Екібастұз қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің бастығы Рустам Омаров.
ҚР ӘҚБК 463-бабына сәйкес жеке тұлғаларға – 15 АЕК, лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 25 АЕК мөлшерінде, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 40 АЕК, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 150 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады. Әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы және (немесе) заты тәркіленіп, лицензиясыз кәсіпкерлік немесе басқа да қызметпен айналысу әкімшілік құқық бұзушылық салдарынан алынған қосымша кірістер (дивидендтер), ақша, құнды қағаздар тәркіленеді.