Ертіс ауданында күнбағыс алқаптары екі есе артқан
Облыс әкімі Асайын Байханов «Кәусар» шаруа қожалығында астық жинау науқанымен танысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ШҚ басшысы Қайрат Құсайыновтың ауыл шаруашылығымен айналысып келе жатқанына алты жыл болған. Күнбағыс, бидай, тары, бұршақ дақылдарын өсіреді. Ендігі кезекте жасымық егуді қолға алған. Күнбағыс алқаптары екі есе артқан. Биыл шаруашылық күнбағыстан 15 және одан жоғары өнім алуды жоспарлап отыр.
Өсімдік шаруашылығында екі әдіс қолданылады: біріншісі – «Нөлдік технология» деп аталатын құнарлылығы төмен жерлерді минималды өңдеу. Мұндай тәсіл Канада мен Аргентинадан келген. Минералды тыңайтқыштар қолдану нәтижесінде топырақ минималды деңгейде ғана бұзылады.
– Өз ауданымызға оралып, алғашқы жер телімін алдық. Іс алға басқан соң техника сатып алдық, мемлекеттік бағдарламалардың пайдасын көріп отырмыз. Төрт мың гектардың 1,5 гектарын күнбағыс, 500 гектарын тары, 1,5 гектарды бидай алып жатыр, – деді Қайрат Құсайынов.
Ертіс ауданының әкімі Болатбек Шәріповтің айтуынша, егіс алқабы 316, 9 мың га құрайды, оның ішінде 227,8 мың га – дәнді дақылдар. 190,2 гектар алқапты бидай алып жатыр, сондай-ақ арпа, тары, жасымық, қарақұмық және сұлы егілген. Бүгінгі таңда дәнді дақылдар 75,7 мың га алқапта жиналған, бір гектардан 12,8 центнер өнім алынған. 56,9 мың га майлы дақылдардың 40,7 гектары – күнбағыс. Шаруа қожалығы Семей май өңдеу зауытымен жұмыс істейді.
– Жаңбыр кезінде элеваторға астықтың бір бөлігі тапсырылған. 17 астық кептіргіштің біреуі – жылжымалы, сұйытылған газбен жұмыс істейді. Өткен жылы 22 мың гектар күнбағыс отырғызылып, өнімділігі гектарынан алты центнерді құрады, – дейді Болатбек Шәріпов.
Қазіргі таңда бидай мен қарақұмық бастырылуда, жауын-шашынға байланысты жұмыстар 15 күнге кешіктірілген. Тәулігіне гектарынан 8-10 мың тонна өнімнен жинастырылуда. Сапасы жоғалмаған, шикі дән желімшесінің құрамы 28 пайызды құрайды.
Облыс әкімі Асайын Байханов жақсы өнім баға саясатына әсер ететінін еске салып өтті.
– Бізге қайта өңдеуді дамыту керек. Май – бұл әлеуметтік маңызы бар өнім. Оның бағасының өсуі халыққа өте ауыр тиеді. Менің ойымша, кәсіпкер үшін екінші маңызды нәрсе – ауылды қолдау. Ертіс ауданында халықтың біршама азаюы байқалады, шамамен 400-ге жуық адам. Мұнда 27 ауыл бар. Біз үшін бизнесті дамытып, жаңа жұмыс орындарын құру маңызды, – деді аймақ басшысы.
Ауданда астық жинау науқанын 10 қазанға аяқтау жоспарланып отыр.