Екібастұздық еріктілер көпбалалы отбасылар үшін жаңа жылдық сыйлықтар дайындайды

Екібастұздық еріктілер көпбалалы отбасылар үшін жаңа жылдық сыйлықтар дайындайды
Фото: Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Оған арнайы қаражат жинай бастады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«LIDER.KZ» қоғамдық қорының еріктілері мейрам қарсаңында көпбалалы және аз қамтылған отбасынан шыққан 70 балаға тәттілер мен сыйлықтарды тарататын болады.

Бұл сиқырға толы мерекеге санаулы күндер қалды. Оны балалар асыға күтуде. Сондықтан да, сиқыршылар рөліне кіріп, бүлдіршіндердің армандарын орындауға көмектесеміз деп шештік,– деді еріктілер.

Қайырымдылық іске қосыламын деушілер екібастұздық еріктілерге тәттілер мен сыйлықтарды жібере алады. Еріктілермен +7 777 435-57-58 (Мария), +7 702 018-44-30 (Анар) нөмірлері арқылы байланысуға болады.

Ал ақшалай көмектескісі келетіндер Kaspi.kz банкі арқылы +7 776 124-56-06 нөмірі бойынша «ЖАҢА ЖЫЛ» деген белгімен ақшалай аударым жасай алады.