Павлодарда жоғалған адамды іздеуге кинологтар мен атты полиция жұмылдырылды
Усолка аумағы пысықталуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Vita іздеушілер ұйымының мәліметінше, күн сайын еріктілер Александр Фоминді іздеуге және ер адамның туыстарын қолдауға тырысады. Іздеу шараларына кинологтар мен атты полиция, дрон жұмылдырылды.
– Ер адамның хабар-ошарсыз кеткеніне сегіз күн болған. Ол әлі де аман-есен табылады деген үміттеміз, – дейді еріктілер.
Александр Фоминнің белгілері: бойы – 175 см, дене бітімі орташа, көздері көк, шашы ақшыл. Сол қолы мен білегінде тыртықтар бар. Капюшоны бар қара куртка, сұр футболка, қара джинсы және қара кроссовки киген.
Іздеушілер ұйымында Александр Фоминге қатысты қандай да бір маңызды ақпарат болса, келесі нөмірлер бойынша дереу еріктілерге хабарласуды сұрайды: +7 (747) 615 55 63 (Катерина), +7 (777) 334 82 01 (Светлана).