Павлодарлық ата-аналарға отбасылық бюджетті үнемдеу мүмкіндігі ұсынылды
Мектепке арналған тауарлар төмендетілген бағамен сатылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
19 тамызда М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының алдындағы алаңда мектеп жәрмеңкесі өтті. Павлодарлық 23 кәсіпкер мектеп формасын, аяқ киім, кеңсе тауарларын төмендетілген бағамен қойды.
Жәрмеңкені қалалық білім бөлімі кәсіпкерлік бөлімімен бірлесіп ұйымдастырды.
– Іс-шара «Мектепке жол» акциясы бойынша өтіп жатыр, – деді білім бөлімі тәрбие жұмысы секторының меңгерушісі Сағындық Шәкенов. – Біз кәсіпкерлермен бүгін барлық тауарларды нарықтық бағадан төмен бағамен сату туралы келісім жасадық.
Павлодарлық Саида Сапарбекова мектеп жәрмеңкесіне отбасымен келді. Отбасы үш бала тәрбиелеп отыр. Биыл үлкен қызы төртінші сыныпқа барады.
Жас отбасы жәрмеңкеге ақша үнемдеу үшін келген. Саида бұл жәрмеңке отбасы бюджетін үнемдеуге мүмкіндік бергенін айтады. Мысалы, жәрмеңкеде қарапайым 12 парақты дәптерлердің данасы 25 теңгеге сатылды. Қалада бағалар 26 теңгеден басталады. Қатты жылтыр мұқабадағы күнделік 700 теңгегеден, дүкендерде мұндай күнделіктердің бағасы 800-ден төмен емес.
– Мен мектеп берген тізім бойынша 16 мың теңгеге тауар алдым. Сатушы бірнеше тауарға жеңілдік жасады, сонымен қатар маған қарапайым дәптер мұқабаларының жиынтығын, төгілмейтін және контейнері бар үлкен ұштағышты сыйға тартты, – дейді Саида.
Білім беру бөлімінің мәліметінше, мұндай мектеп жәрмеңкелері 19 тамызда Ақсу, Павлодар қалаларында, Май, Шарбақты, Тереңкөл, Аққулы аудандарында өтеді. Бұдан басқа, «Мектепке жол» акциясы бойынша өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасылардан шыққан 192 бала мемлекеттен жаңа оқу жылына дайындық ретінде 2,6 миллион теңгеге қайырымдылық көмек алды.
Фото: Айжан Әлімхан